Акцияға жастар қанатының белсенділері ғана емес, қазақстандықтар да қатысып жатыр.
ERNUR.KZ. Республика күні қарсаңында белсенділер ел аумағы бойынша 5 мыңнан астам Ту ілуді жоспарлап отыр, деп жазады zakon.kz.
Акцияға жастар қанатының белсенділері ғана емес, қазақстандықтар да қатысып жатыр. Олар Туды үйіне, қоғамдық орындарға, көлігіне іліп жатыр.
Кәсіпкерлер де шет қалмай, Мемлекеттік Туды дүкендеріне, мейрамханаларына, цехтары мен шаруа қожалықтарына орнатып қойған. Мәселен, аталған акцияға Астана тұрғыны Қазым Сәрсенбай да қосылды.
"Волонтерлерді қуана-қуана үйіме кіргізіп, балконға Ту іліп қоюға рұқсат бердім. Өз Отаныма деген сүйіспеншілігім мен мақтанышымды осылай білдіремін. Осы арқылы біз бірлігіміз мен ортақ тарихымызда әрқайсымыздың маңызды екенімізді көрсетеміз", - деді ол.


