Қазақстан Еуропаға ең ірі мұнай жеткізуші ТОП-3 елдің қатарына енді

0
150

Бұл туралы Econovis хабарлап отыр.


Қазақстан Еуропаға ең ірі мұнай жеткізуші ТОП-3 елдің қатарына енді

Фото: reuters

ERNUR.KZ. Былтыр ЕО елдеріне тәулігіне импортталған 9,1 миллион баррель мұнайдың үлесінде Қазақстан да бар, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, ресми статистикамен еліміз Еуропалық Одаққа шикі мұнай экспорттаушы мемлекеттер арасында үшінші орынға тұрақтады.

Шикі мұнай жеткізулердің ең үлкен көлемін АҚШ бастаған. Екінші орынға Норвегия жайғасқан. Бір қызығы, тізімде әртүрлі құрлықтағы мемлекеттер кездеседі.

Тізім келесідей:

– АҚШ – тәулігіне 1,40 млн баррель (15,4%);
– Норвегия – 1,10 млн баррель (12,1%);
– Қазақстан – 1,05 млн баррель (11,5%).

Мұнан өзге ең ірі жеткізушілердің тізімі былайша жалғасады.

– Ливия – 0,67 млн баррель (7,4%);
– Сауд Арабиясы – 0,66 млн баррель (7,2%);
– Ирак – 0,57 млн баррель (6,3%);
– Нигерия – 0,54 млн баррель (5,9%);
– Бразилия – 0,45 млн баррель (4,9%);
– Ұлыбритания – 0,41 млн баррель (4,6%).