Абоненттердің 98 пайызы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетті пайдаланады.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Қазақстанда биылғы қараша айының соңында Интернеттің 2,5 миллион абоненті тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға кем, деп жазады picodi.com.
Айта кетейік, абоненттердің 98 пайызы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетті пайдаланады. Бұл туралы Ranking сарапшыларының зерттеуінде айтылады. Өз кезегінде тіркелген Интернет абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 2018 жылғы 14 бірліктен 2019 жылы 13-ке дейін төмендеді.
"Тіркелген Интернет абоненттерінің санының азаю себептерінің бірі - абоненттердің интернетті пайдалану арқылы ұялы байланысқа біртіндеп көшуі. Осылайша, желтоқсан айында елде Интернеті бар 15,2 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 7,5 пайызға артық (14,1 миллион абонент)", - делінген зерттеуде.
Жалпы бүкіл әлемде 4,5 миллиардтан аса интернет пайдаланушысы бар еке, олардың жалпы халық санынан үлесі 58,8 пайызға тең. Айта кету керек, он жыл бұрын Интернетті тек 1,7 миллиард абонент немесе жер халқының жалпы санының 24,7 пайызы пайдаланған.
Алайда сарапшылардың пайымынша, ҚР-дағы интернеттің жылдамдығы жоғары деңгейде емес. Әлемнің 176 елінің ішінде бұл 67-көрсеткіш, бұл ретте ҚР интернет жылдамдығы Сент-Винсент және Гренадины, Вьетнам, Тринидад және Тобаго, Косово, Барбадос сияқты елдерге жол береді.
Интернет жылдамдығы ең жоғары ел - Сингапур (секундына 193,2 Мбит).
Екінші орынды Оңтүстік Корея алды, Интернет жылдамдығы 164,12 с/Мбит. Үштікті Гонконг қорытындылап отыр - 157,64 с/Мбит. Тіркелген Интернеттің ең жоғары жылдамдығы бар он елдің қатарына Монако, Румыния, Швейцария, Франция, Лихтенштейн, АҚШ және Венгрия кірді.
"Алайда Қазақстандағы интернеттің құны - әлемдегі ең төменгілердің бірі. Picodi.com порталының мәліметтері бойынша, интернет жылдамдығы 70 с/Мбит дейін танымал қазақстандық ресурстарға шығатын жылдамдық 100 с/Мбитке дейін абоненттік төлем айына 5 999 теңге, трафигі шектеусіз. Ең жиі зерттелген елдердің көпшілігінде ұсынылатын жылдамдық (62-ден 55-і) - 100 с/Мбит. Интернетке қосылудың мұндай жылдамдығы бірнеше құрылғыларда бір уақытта сайттарды еркін қарауға және стриминг сервистерін ең жақсы сапада - 4K (UHD) пайдалануға мүмкіндік береді. Осы себепті 100 с/Мбит жылдамдығы одан әрі зерттеу үшін алынды", - делінген зерттеуде.