Қазақстан халқы Астана күніне орай неше күн демалады

0
105

7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.


Қазақстан халқы Астана күніне орай неше күн демалады

Pixabay.com

ERNUR.KZ. Алдағы дүйсенбі, 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі. Мереке аптаның басына түскендікен, ел тұрғындары үш күн демалады. Ал Халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл күні жұмысын уақытша тоқтатады, деп жазады ulysmedia.kz.

Бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер үшін 4, 5 және 6 шілде (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) қатарынан демалыс күндері болады. Жұмыс 7 шілде, сейсенбі күні қайта басталады.

Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін қосымша демалыс тек 6 шілде, дүйсенбіге тиесілі. Бұл жағдайда 4 шілде (сенбі) жұмыс күні болып қалады, ал демалыс 5 және 6 шілдеде болады.

ХҚКО-ЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, 6 шілде күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

4 шілде, сенбі күні тек кезекші бөлімшелер қызмет көрсетеді.

  • Кезекші ХҚКО-лар 09:00-13:00 аралығында жұмыс істейді;
  • Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады;
  • Дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жалғасады.

7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.