Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Уханнан эвакуациялады.
фото: ашықдереккөзден
Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Уханнан эвакуациялағаны туралы хабарлағанған болатынбыз.
Сонымен қатар, Қырғызстан, Беларусь және Армения биліктерінің өтініші бойынша осы елдердің де азаматтары Ухань қаласынан эвакуацияланды.
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған.
Сондай-ақ Қытайда тағы бір қауіпті вирустың тарағаны туралы ақпарат мәлім болды.