11 айда республикаға Қытайдан 104 мың жеңіл автокөлік әкелінді.
ERNUR.KZ. Қазақстан жыл басынан бері қытайлық жеңіл көліктердің импортын рекордтық деңгейге арттырды, деп жазады stan.kz.
Қытай бас кеден басқармасының мәліметінше, Қазақстан 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында қытайлық жеңіл автокөліктердің импортын 27% арттырды.
11 айда республикаға Қытайдан 104 мың жеңіл автокөлік әкелінді. Бұл өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 22 мыңға көп.
Қытайлық автокөлік импортының үлкен көлемі жылдың екінші жартысында болды. Сол мерзімде ай сайын 10 000-нан астам автокөлік әкелінген.
2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең танымал қытайлық көлік Chery, оның 6667 данасы сатылды. Брендтің бестселлері Tiggo 2 ықшам кроссоверінің 2613-і сатылды. Сондай-ақ Қазақстандағы танымал қытайлық брендтердің үштігіне JAC (5150) және Changan (4214) кірді.