Қазақстан мен Ресей Өзбекстанға газ транзитін арттыруға келісті

0
405

СПХЭФ аясында газ транзитін кеңейтуге дайындыққа қатысты құжаттарға қол қойылды.


Қазақстан мен Ресей Өзбекстанға газ транзитін арттыруға келісті

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей Өзбекстанға газ жеткізуді ұлғайту туралы келісімшартқа қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен "Газпром" ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер Ресейден Өзбекстанға газ тасымалдауды ұлғайтуға арналған "Орталық Азия – Орталық 4" газ құбыры нысандарын дайындау бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп жазылған материалда.
Газпромның хабарлауынша, компания басшысы Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары және энергетика министрімен қызметтік кездесу өткізген.
"Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ресейлік газдың республикаға жеткізілуін талқылады", - делінген хабарламада.
2023 жылдың қазан айында ресейлік табиғи газдың Өзбекстандағы тұтынушыларға Қазақстан аумағы арқылы жеткізілуінің басталуына арналған салтанатты шара өтті. Жеткізу "Орталық Азия – Орталық" газ құбыры жүйесі негізінде арнайы бөлінген бағыт бойынша кері режимде ұйымдастырылды.
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (SPIEF) 5-8 маусым аралығында өтіп жатыр.