Қазақстан полициясы екі украиналыққа іздеу жариялады

0
176

Шетелдіктер Қазақстан аумағында есірткі өткізудің халықаралық схемасын құрды деген күдікке ілінген.


Қазақстан полициясы екі украиналыққа іздеу жариялады

ERNUR.KZ. Ұлытау облысының полициясы екі шетелдікке, яғни украиналық Павло Деревцов пен Руслан Крамськойге халықаралық іздеу жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Ұлытау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, шетелдіктер Қазақстан аумағында есірткі өткізудің халықаралық схемасын құрды деген күдікке ілінген.

"Руслан Крамськой мен Павло Деревцов Telegram мессенджеріндегі интернет дүкен арқылы Қазақстанда сатылатын есірткіні өткізуге ТМД (Қазақстан, Қырғызстан, Украина) азаматтарын тартып, кейін кірісті заңдастырудың халықаралық схемасын құрған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, ведомствоаралық жедел тергеу тобы есірткі, психотроп заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау деректері бойынша Telegram арнаны ұйымдастырушыларға Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 3 және 5-тармақтары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

qamqor.gov.kz