Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.
ERNUR.KZ Қазақстан Президенті 2024 жылғы 25 желтоқсанда ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп жазады Zakon.kz.
Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Іс-шараға келесі ел басшылары қатысты:
- Ресей Президенті Владимир Путин,
- Беларусь Президенті Александр Лукашенко,
- Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров,
- Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон,
- Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов,
- Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев.
Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.