Қазақстан сұйытылған мұнай газының экспортын шектеді

0
567

Бұйрық 2023 жылғы 14 қарашадан бастап күшіне енді.


Қазақстан сұйытылған мұнай газының экспортын шектеді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі 2023 жылғы 13 қарашадағы "Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп жазады zakon.kz.

Осы бұйрыққа сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашадан бастап Қазақстаннан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салынды.

Өнім өндіруді бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде іске асырған, тұрақты салық режимі бар жер қойнауын пайдаланушыларға бұл бұйрықтың қатысы жоқ.

Бұйрық 2023 жылғы 14 қарашадан бастап күшіне енді.