​Қазақстан Венеция биенналесіне екінші рет қатысты

0
118

Биыл Қазақстанның мәдениет өкілдері 61-ші Венеция биенналесіне қатысып, Ұлттық павильонын ашты.


​Қазақстан Венеция биенналесіне екінші рет қатысты

ERNUR.KZ. Қатысушылар конкурстық негізде іріктелді. Бұл жайында байқау жеңімпазы - 61-ші Венеция биенналесіндегі Қазақстанның Ұлттық павильонының «Qoñyr: Тыныштық архиві» жобасының кураторы Бекбота Сырлыбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Біз ашық конкурста жеңіске жеттік. Командалық жұмыстың арқасында биыл бізге павильонда тұру мүмкіндігі бұйырды. Бұл жоба қазақ дүниетанымындағы «Қоңыр» ұғымын заманауи өнер тілі арқылы көрсетуге бағытталған. Тарихи жад, үнсіздік, көшпелі мәдениет, дыбыс және ұжымдық естелік тақырыптарын қозғай отырып, архивті тек қағаз күйінде ғана емес, эмоционалдық кеңістік ретінде қарастырдық. Көрме бірнеше кеңістіктен тұрды», – деді Б.Сырлыбек.
Оның айтуынша, көрме жоғары деңгейде өтіп, халықаралық қауымдастық тарапынан қызығушылық туғызды. Отандық суретшілерге шетелдік кураторлардан нақты ұсыныстар түсті.
Айта кетерлігі, бұл шара қараша айының 22-не дейін жалғасын табады.