Қазақстан жұмыссыздық бойынша ТМД елдері арасында алғашқы үштікте тұр

0
247

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің көлемі 374,6 млрд теңгеге жетті.


Қазақстан жұмыссыздық бойынша ТМД елдері арасында алғашқы үштікте тұр

Фото: Рexels.com

ERNUR.KZ. ТМД елдері арасында жұмыссыздық бойынша Қазақстан Тәжікстан мен Әзірбайжаннан кейін үшінші орында тұр, деп жазады ulysmedia.kz.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің көлемі 374,6 млрд теңгеге жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда құндық мәнде 4,6%-ға аз.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан жұмыссыздық бойынша Тәжікстан (11,6%) мен Әзірбайжаннан (5,6%) кейін үшінші орында тұр. Қазақстаннан кейінгі орынға Өзбекстан (4,5%), Түркіменстан (4,3%), Беларусь (3,4%), Қырғызстан (3,3%), Ресей (2,5%) және Молдова (1,4%) жайғасты.

ILOSTAT мәліметінше, 2024 жылғы жұмыссыздық деңгейі бойынша Қазақстан Орталық Азияның 187 елінің ішінде 104-орынға тұрақтады. Бұл тізімде Африкада орналасқан Эсватини (34,4%) көш бастап тұр. Екінші орында Оңтүстік Африка (33,2%), Джибути (25,9%) үшінші орында тұр.

Басылымның мәліметінше, ресми статистика біршама жақсарған. Алайда сол күйі көрсеткіштер жоғары деңгейде қалды. Қазақстан бойынша жұмыссыздық деңгейі қалада – 4,6% болса, ауылдық жерлерде – 4,7%-ға жетті. Еліміздегі жұмыссыздықтың басты себептері:

  • Отбасылық жағдайларға байланысты (100,2 мың адам);
  • Өз еркімен жұмыстан босатылуы (95,6 мың адам);
  • Жұмысқа орналаса алмау (92,2 мың адам).

Көбіне жұмыссыз жүргенде бір айдай жұмыс іздейді. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында еліміздегі жұмыссыз адамдардың саны 127,5 мың болды.