Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа көлік паспорты енгізіледі

0
1 249

​2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда көлік құралдарының электронды паспорты енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының Facebook желісіндегі парақшасында айтылады,-деп хабарлайды tengrinews.kz.


Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа көлік паспорты енгізіледі

фото: tengrinews.kz

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда көлік құралдарының электронды паспорты енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының Facebook желісіндегі парақшасында айтылады,-деп хабарлайды tengrinews.kz.

Электронды паспорт арқасында автомобиль "өмірінің" толық тарихын, оның ішінде шектеулер мен қиындықтары, техникалық қызмет көрсету сапасы мен көлемі, көлік құралдарының жол-көлік оқиғаларына түскен-түспегені жайлы мәліметтер беріледі. Электрондық паспорт Еуразиялық экономикалық одақта құжат рәсімдеуді оңайлатады және бизнестегі операциялық шығындарды азайтады, сондай-ақ, көлікті пайдаланудың барлық кезеңінде ашықтығы мен қалай күтілгені жайлы мәліметі болады. Электронды паспортқа көліктің немесе мотоциклдің өндіріліп, ЕАЭО-ға кірген уақытынан бергі тарихы жазылады. Бұл құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін жояды деп күтіледі. Болашақта мінілген көлікті сатып алғысы келген адам оның тарихымен арнайы порталдан көре алады. "Электрондық паспортқа бірте-бірте өтеміз. Паспорт ЕАЭО елдеріне бірдей болады", - делінген хабарламада.