Құжат "Ашық НҚА" порталында 6 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Фото: Zakon.kz
Құжатта елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету және энергия өндіруші қуаттарды кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында 60 энергия өндіруші ұйымның шекті тарифтері қайта қаралғаны айтылған.
Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, бұл шешім жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, сондай-ақ жабдықтарды жаңарту және олардың сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұзақмерзімді бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті қаржылық жағдай жасауға бағытталған.
Энергия өндіруші ұйымдар үшін түзетілген тарифтерді 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 6 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Бұған дейін электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту тәртібі өзгергені хабарланған еді.


