Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарына шетелдік студенттер тарапынан сұраныс артып жатыр.
Отандық университеттердің қабырғасында бүгінде 21 700 шетелдік студент оқып жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Шымкентке келіп М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ізденушілерімен кездесу барысында айтты.
"Қазақстандық жоғарғы оқуы орындары шетел жастары арасында өз орнын ала бастады. Егерде сонау 2016 жылы бар-жоғы 12800 шетел азаматы біздің университеттерде оқыса, бүгінде олардың саны 21 700-ге жетті",- дейді ол.