Қазақстанда 5,4 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді

0
129

Бұған дейін де сейсмологтар Жетісу облысында 31 наурызға қараған түні Астана уақытымен сағат 00:42-де магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді.


Қазақстанда 5,4 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. 31 наурыз күні Қазақстан аумағында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан, деп жазады stan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі сағат 11:11-де тіркелген. Жер асты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Алдын ала есеп бойынша, Жетісу облысында сілкініс күші 2 балға дейін жеткен. Тербелістер Жаркент, Текелі қалаларында және Жансүгіров ауылында сезілген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген. Сондай-ақ, 112 нөміріне тұрғындардан ешқандай шақырту түспеген.

Бұған дейін де сейсмологтар Жетісу облысында 31 наурызға қараған түні Астана уақытымен сағат 00:42-де магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді.