Ресейде шетел валютасы мен алтын саудасы тоқтатылды

0
120

Ресейдің Қаржы министрлігі ресми мәліметіне сәйкес, бұл шектеу 2026 жылғы 1 шілдеге дейін күшінде болады.


Ресейде шетел валютасы мен алтын саудасы тоқтатылды

Сурет: unsplash

ERNUR.KZ. Ресейде ішкі нарықта шетел валютасы мен алтынды сатып алу және сату операциялары уақытша тоқтатылды, деп жазады zakon.kz.

Ресейдің Қаржы министрлігі ресми мәліметіне сәйкес, бұл шектеу 2026 жылғы 1 шілдеге дейін күшінде болады.

Министрлік бұл шешім мұнайдың базалық бағасын есептеу параметрлерін өзгерту жоспарына байланысты қабылданғанын атап өтті. Бұл өзгерістер мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыруға және елдің қаржы жүйесін нығайтуға бағытталған.

Бұған дейін еуропалық Mind Money брокерлік компаниясының бас директоры Юлия Хандошко ресей рублі күрделі жағдайға тап болғанын айтқан еді. Оның пікірінше, пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі мен импорттың артуы рубльге қысым жасап отыр.

Сондай-ақ ол мұнай бағасы өсіп жатқан кезде доллар бағамының көтерілуі парадокс екенін атап өтті. Әдетте мұнайдан түсетін табыстың артуы рубльдің нығаюына ықпал етеді.