Жаңа норма шілде айында күшіне енеді.
ERNUR.KZ. Жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты, Қазақстанда ауаға тиісті нормадан артық ластаушы зат шығаратын автокөліктерге салынатын айыппұл мөлшері артады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, автокөліктерден бөлінетін ауа ластайтын зат мөлшері белгіленген нормадан асса, жеке көлік иесі 10 айлық, заңды тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал, мұндай жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса, жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл салынады.
Жаңа норма шілде айында күшіне енеді. Әзірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 2 АЕК, қайталанған жағдайда 5 АЕК қана айыппұл жазылады.