2025 жылы Қазақстан вакцинаның 20 млн дозасын шығаруы тиіс.
иллюстрациялық фото
Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің қолдауымен «QazBioPharm Ұлттық холдингі» АҚ Бас директоры Ерғали Абдурайымовтың және «Boehringer Ingelheim Animal Health France» француз компаниясы Президенті Кристиан Вайзеннің қатысуымен лицензия, жеткізу және серіктестік туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лицензиялық келісімге сәйкес «Boehringer Ingelheim Animal Health France» француз компаниясы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының стандарттары бойынша аусылға қарсы жоғары сапалы вакциналар өндірісін дамыту және оны толық жою мақсатында «QazBioPharm» үшін өз ресурстары мен тәжірибесін ұсынады.
Айта кетсек, бұл біздің еліміздегі жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы күресті нығайтуға ықпал етеді және қазақстандық ет өнімдерін одан әрі шетелдік нарықтарға экспорттауға мүмкіндік береді. Аусылға қарсы Вакцинация Үкіметтің аурумен күресу жоспарларының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
«Boehringer Ingelheim» әлемдегі ең үздік 20 фармацевтикалық компанияларының қатарына кіреді және бүкіл әлем бойынша орналасқан 142 өкілдіктен тұрады. Компания аусылға қарсы вакцина штаммдарының кең портфолиосына ие және Еуропалық фармацевтика өнеркәсібі Федерациясы мен қауымдастықтарының (EFPIA) толық мүшесі болып табылады.