Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 139 адам қайтыс болды

0
534

Жалпы науқастар арасында 1 896 адамның жағдайы ауыр, 540 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.


Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 139 адам қайтыс болды

Қазақстанда 18 тамызда коронавирус инфекциясы мен пневмониядан 139 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде коронавирустан 121 адам, пневмониядан 18 адам қайтыс болды.

19 тамыздағы мәлімет бойынша, 121 113 адам коронавирус инфекциясынан (–115 764 + және 5 349 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 286 пациент стационарда, 90 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 896 адамның жағдайы ауыр,
  • 540 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 265 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.