Қазақстанда "Е-Шағым" жүйесі іске қосылады

0
345

Туристер "Е-Шағым" жүйесі арқылы такси жүргізушілері немесе қонақүйлердің сапасыз қызметі бойынша шағым түсіре алады.


Қазақстанда

фото: CC0

ERNUR.KZ. Қазақстанда туристердің қауіпсіздігі үшін "Е-Шағым" жүйесі іске қосылады, деп жазады sputnik.kz.
Туристер "Е-Шағым" жүйесі арқылы такси жүргізушілері немесе қонақүйлердің сапасыз қызметі бойынша шағым түсіре алады.
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жаңа қызметті туризм саласын цифрландыру аясында іске қосу жоспарланып отыр.
"Цифрландыру және TravelStan қосымшасын іске қосу аясында турист қажет болған жағдайда бір тетік арқылы мемлекеттік органның белгілі бір өкілінің, қонақүй reception-нің заңсыз әрекеттеріне, такси жүргізушісінің дөрекілігіне шағымдана алады. Бұл жүйе "Е-Шағым" – шағымдарды жинақтау жүйесі деп аталады. Соны енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді Еркінбаев үкіметте өткен брифингте.
Ал Travelstan сервисі нарықтың барлық қатысушысрын біріктіруге және туристерге сапалы әрі сенімді қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беруге тиіс.
Айта кетері, алдағы уақытта барлық әуежай мен шекара бекетінде QR-код жүйесі енгізіледі.