Қазақстанда электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі

0
1 786

Ұсынылған тарифтер де 2024 және 2025 жылдарға есептелген.


Қазақстанда электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі электр энергиясына бұрын бекітілген шекті тарифтерге өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады, деп жазады zakon.kz.

Осылайша, 2023 жылдың 1 қазанынан бастап электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі:

  • бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 5,90 теңгеден 7,32 теңгеге дейін;
  • үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – кВт/сағ үшін 8,59 теңгеден 11,20 теңгеге дейін;
  • алтыншы топ (Қарағанды энергетикалық орталығы) – кВт/сағ үшін 9,86 теңгеден 12,64 теңгеге дейін;
  • тоғызыншы топ ("Астана-Энергия" АҚ) – кВт/сағ үшін 7,19 теңгеден 8,49 теңгеге дейін;
  • 14-топ (Риддер ЖЭО) – кВт/сағ үшін 13,93 теңгеден 16,37 теңгеге дейін;
  • 18-топ Степногор ЖЭО) – кВт/сағ үшін 12,12-ден 16,46 теңгеге дейін;
  • 26-топ ("Алматы электр станциялары" ЖЭО-1,2,3 Қапшағай су электр стансасы, Каскад су электр станциясы) кВт/сағ 11,19-дан 14,02-ге дейін;
  • 33-топ (Шүлбі СЭС-і) – кВт/сағ үшін 3,30-дан 3,67 теңгеге дейін;
  • 41-топ (Таразэнергоорталық) – кВт/сағ 8,53-тен 12,15 теңгеге дейін.

Жалпы тізімге еліміздің аймақтары бойынша энергия өндіруші компаниялардың 50 тобы кіреді. Бұл ретте тарифтер тек 16 топта ғана өзгеріссіз қалады. Ұсынылған тарифтер де 2024 және 2025 жылдарға есептелген.

Энергетика министрлігінде түсіндіргендей, тарифтерді түзету энергия өндіруші тәуелсіз ұйымдардың электр энергиясын өндіруге жұмсалатын негізгі шығындарын, атап айтқанда, отын, еңбекақы және шикізат құнын арттырумен байланысты.