Қазақстанда газбен жүретін көлік көбейіп барады

0
570

​Мағзұм Мырзағалиев ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында сұйытылған мұнай газын өндіру 2,6 млн тоннаны құрағанын хабарлады.


Қазақстанда газбен жүретін көлік көбейіп барады

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Қазақстанда 2,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. Оның 60%-дан астамы ішкі нарыққа, нақтырақ айтсақ автокөлікке тиесілі. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп жазады Zakon.kz.

Мағзұм Мырзағалиев ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында сұйытылған мұнай газын өндіру 2,6 млн тоннаны құрағанын хабарлады. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,3%-ға артық. Жыл қорытындысы бойынша сұйытылған мұнай газын өндіру 3,2 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде.

Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын негізгі тұтынудың 60%-дан астамы автокөлікке тиесілі. 2019 жылдан бастап сұйытылған газға ауыстырылған автокөлік саны 2021 жылға қарағанда 2,2 есеге өсіп, 310 мыңнан астам бірлікке жетті.ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев

Энергетика министрлігінің басшысы сұйытылған газ өндірісін ұлғайту үшін үш жобаны іске асыру жоспарланғанын хабарлады. Оның ішінде Ақтау қаласындағы қуаты аз газ өңдеу зауыты ("Н-ГӨЗ" ЖШС) жылына 60 мың тоннаға жеткізуді жоспарлады. Инвестиция сомасы 1,5 млрд теңге. Оны жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында құны 147 млрд теңге, қуаты 900 млн м3 газ өндіретін зауыт салу жоспарда бар. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2023 жыл. Министр зауыт шамамен 760 млн м3 көлемінде тауарлық газ, 232 мың тонна көлемінде сұйытылған газ және 82 мың тонна көлемінде пентан-гексан фракциясын өндіретін болады деп хабарлайды.

Сондай-ақ, биыл Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд м3, құны 380,8 млрд теңге болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі – 2023 жыл.

Министрдің мәліметінше, бұл жобаларды іске асыру сұйытылған газ өндірісінің көлемін 2025 жылға қарай тауарлық газ өндірісін 1,5 млрд м3 ұлғайту жоспарланып отыр.