Қазақстанда газдың шекті бағасы өседі

0
410

Тауарлық газ құны 15% өседі.


Қазақстанда газдың шекті бағасы өседі

Қазақстанда тауарлық газдың шекті көтерме бағалары бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тауарлық газ құны 15% өседі.

Қазіргі уақытта ішкі нарық үшін тауарлық газдың бекітілген шекті көтерме бағалары жеткізілетін газдың өзіндік құнынан төмен екенін атап өткен жөн.


"2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағалары өңірге байланысты 3,8-ден 17,5%-ға дейін төмендетілді және осы уақытқа дейін көтерілген жоқ.

Бекітілген шекті көтерме бағалар - "ҚазТрансГаз" АҚ тұлғасында газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор үшін шығын", - деп түсіндірді Энергетика министрлігінде.


Министрліктің мәліметінше, 2015-2020 жылдар аралығында ұлттық оператордың ішкі нарықты субсидиялау шығындары шамамен 425 млрд. теңгені құрады. Осылайша, тауарлық газдың ағымдағы бағаларын Ұлттық оператор субсидиялайды.


"Осы мәжбүрлі қолдау шарасы газ саласын тұрақты дамытудың тежеуші факторы болып табылады. Республиканы ішкі газбен жабдықтау жүзеге асырылатын негізгі магистральдар кеңес уақытында салынды, белгіленген ресурстарын өтеді және өте тозған, - делінген Энергетика министрлігі хабарламасында.


Ұлттық оператордың ақпараты бойынша, соңғы бес жылда еліміздің газ тасымалдау жүйесінде 67 мыңға жуық ақау анықталды, бүгінгі күні оның тек 9 мыңы жойылды.

Аталған жағдай елдің газ тасымалдау жүйесін қалпына келтіру және дамытуға қажет тарифтерді өсіруге жол бермей ұстап тұру салдарынан қалыптасты. Бұл нәтижесінде шектік ақаулар санының ұлғаюына және газ тасымалдау инфрақұрылымы апаттылығының жоғары тәуекелінің сақталуына әкеп соғады.

Осылайша, газ тарифтерін ұстап тұру немесе төмендету келешекте еліміздегі түрлі залалға әкеп соғуы мүмкін, - деп атап өтті ведомствода.

Бұдан басқа, энергетика министрлігі тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағаларын, оның ішінде тауарлық газды сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағаларын бекітуді жоспарлап отыр.

Бұйрық жобасы әзірленіп, "Атамекен" ұлттық палатасы мен мемлекеттік органдарда жария талқылауда.