Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы мәліметтерді жариялады, деп жазады tengrinews.kz.
Инфляция 2023 жылы 9,8 пайыздан 2024 жылы 8,6 пайызға баяулады. Былтыр бағалар ақылы қызметтерге – 13,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 8,3 пайыз, азық-түлік тауарларына 5,5 пайыз өсті.
Ақылы қызметтер бойынша тарифтер суық суға – 43,1 пайыз, ұялы байланыс қызметтеріне – 27 пайыз, су бұруға – 25,7 пайыз, орталық жылытуға – 22,3 пайыз, ыстық суға – 19,2 пайыз, электр энергиясына тарифтер 18,4 пайыз жоғарылады. Жол жүру төлемі теміржол жолаушылар көлігіне – 24,9 пайыз, қалалық автобусқа 11,8 пайыз қымбаттады.
2024 жылы ноутбукке – 67,3 пайыз, сымсыз құлаққаптарға – 55,2 пайыз, USB флэш-дискісіне – 54,9 пайыз, планшетке 45,7 пайыз бағаның өсуі байқалды. Баллондағы сұйытылған газ – 10,1 пайыз, қатты отын 10,4 пайыз қымбаттады.
Азық-түліктер ішінде баға картопқа – 37,7 пайыз, тәтті бұрышқа – 25,5 пайыз, зәйтүн майына – 23 пайыз, басты пиязға – 21,2 пайыз, қызанаққа – 20,3 пайыз, қиярға 18,8 пайыз өсті. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 21,4 пайыз, сәбізге – 8,7 пайыз, қантқа – 3,2 пайыз, күрішке – 2,9 пайыз, қырыққабатқа 1,7 пайыз байқалды.
Өңірлердің ішінде ең жоғары жылдық инфляция Астана қаласында – 10,7 пайыз (орташа республикалық деңгейден 2,1 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы облысында 6,6 пайыз тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Жетісу облысында – 7,9 пайыз, азық-түлік емес тауарларына – Түркестан облысында 13,2 пайыз, ақылы қызметтерге – Астана қаласында
16,9 пайыз өсті.
2024 жылғы желтоқсанда тұтыну бағаларының индексі 100,9 пайыз құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,1 пайыз, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 0,8 пайыздан жоғарылады.
Өткен айда баға қиярға – 31,3 пайыз, қызанаққа – 13,2 пайыз, тәтті бұрышқа – 10,4 пайыз, картопқа – 6,6 пайыз, қырыққабатқа – 5,1 пайыз, тұздалған майшабаққа – 4,1 пайыз, жүзімге – 3,9 пайыз, алмұртқа 3,4 пайыз өсті. Қонақ үй қызметіне – 3,1 пайыз, қоғамдық тамақтану, монша қызметтеріне – 2 пайыздан, фотограф қызметтері 1,7 пайыз жоғарылады. Тұрғын үйді жалға алу 2,8 пайыз қымбаттады. 2024 жылдың желтоқсан айында бағаның өсуі ұсақ электр бұйымдарына – 5,5 пайыз, жиһаз және үйге қажетті заттарға 1,2 пайыз байқалды. Баға планшетке – 12,8 пайыз, алтын неке сақинасына – 8,3 пайыз, дәрілерге – 0,9 пайыз, киім және аяқ киімге 0,7 пайыз өсті.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.