9 маусымнан бастап кейбір қызметтерді көрсету тоқтатылады.
ERNUR.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 9 маусымнан бастап кейбір қызметтерді көрсетуді тоқтататынын хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.
Ішкі істер министрлігі жағындағы техникалық жұмыстарға байланысты 9 және 10 маусымда еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталығында мынадай қызметтерге өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтатады:
- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету;
- Жұмыс істеуге келген иммигрантқа рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу;
- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру;
- Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуге құжаттарды ресімдеу.