Жоба деректері бойынша, жаңа көлік иелері алғашқы тіркеуден толықтай онлайн, eGov порталы арқылы өте алады.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда көліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеуді жеңілдету бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлескен бұйрықтың жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады. Құжатты жария талқылау 2 қыркүйекке дейін жалғасады, деп жазады tengrinews.kz.
Жоба деректері бойынша, жаңа көлік иелері алғашқы тіркеуден толықтай онлайн, eGov порталы арқылы өте алады. ХҚКО-ға бармай-ақ рәсімдеуге болады:
- техникалық паспортты;
- мемлекеттік тіркеу нөмірлерін.
Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іске асырылады. Іске асыру мерзімі – 2026 жылғы 31 тамызға дейін. Ведомстволар бұл бастама құжаттарды рәсімдеуге кететін уақытты қысқартып, автокөлік сатып алу процесін әлдеқайда ыңғайлы ететінін атап өтті.