Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 123 адам қайтыс болды

0
433

Індет жұқтырған 1 937 адамның жағдайы ауыр.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 123 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде 123 адам коронавирус пен ковидтік пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ресми мәліметке сәйкес, коронавирустан 98 адам (КВИ+) қайтыс болса, ковидтік пневмониядан 25 науқас (КВИ-) көз жұмды.

"16 тамыздағы мәлімет бойынша 119 547 адам коронавирус инфекциясынан (–114 790 КВИ+ және 4 757 КВИ-) емделіп жүр. Олардың ішінде 31 910 пациент стационарда, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", - делінген ресми хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 1 937 адамның жағдайы ауыр;
  • 507 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 228 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.