Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 9 адам көз жұмды

0
680

Пневмонияның 27 жағдайы және 3 өлім тіркелді.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 9 адам көз жұмды

ҚР ДСМ баспасөз қызметі 2 қыркүйектегі коронавирустық инфекция және пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 103 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 751, 295 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 694 жетті. Сонымен қатар, ДСМ баспасөз қызметі 2 қыркүйектегі коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.


«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 973 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 527 науқас жатыр. 3 446 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 6 науқас қайтыс болды», - делінген таратылған ақпаратта.


Жалпы науқастардың арасында 195 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.