Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 51 теңгеге өсті

0
2 517

1 қыркүйекте жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңгені құраған еді.


Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 51 теңгеге өсті

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрады, деп жазады ulysmedia.kz.

Яғни, бір ай ішінде елдегі орташа зейнетақы 51 теңгеге өскен. 1 қыркүйекте жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңгені құраған еді.

“Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылды”, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312 мың адам.

“2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандық кеншілердің 55 жаста зейнетке шығуы үшін қажетті шарттарды атаған.