Қазақстанда отбасылық сот құрылады

0
1 286

Олар отбасын сақтап қалуға және олардың құқықтық проблемаларын шешуге барлық жағдай жасап отыр.


Қазақстанда отбасылық сот құрылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда отбасылық сот құрылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Жоғарғы соттың кеңейтілген отырысы барысында Жақып Асанов еліміздің 51 сотындағы «Отбасылық сот» жобасына 107 судья жұмылдырылғанын атап өтті. Олар отбасын сақтап қалуға және олардың құқықтық проблемаларын шешуге барлық жағдай жасап отыр.

«Біз бұл мәселені таяу айдың ішінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен қарайтын шығармыз. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі соттар базасын отбасылық сотқа трансформациялау нұсқасы қарастырылады», - деді Жоғарғы сот төрағасы.