Қазақстанда президенттікке тіркеу аяқталып, кандидаттар анықталды

0
1 624

Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алты кандидатты тіркеді.


Қазақстанда президенттікке тіркеу аяқталып, кандидаттар анықталды

ERNUR.KZ. 21 қазан күні сағат 18:00-де ел президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп жазады zakon.kz.

Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алты кандидатты тіркеді:

  1. Қасым-Жомарт Тоқаев – қазіргі мемлекет басшысы.
  2. Нұрлан Әуесбаев – оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі.
  3. «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкен.
  4. Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.
  5. Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
  6. Салтанат Тұрсынбеков – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі.
Мына кандидаттар ҚР президенттігіне кандидаттар үшін заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, Орталық сайлау комиссиясынан сайлауалды жарысқа қатысуды жалғастыруға рұқсат алған жоқ:
  • «Асар» оралмандар қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайрулла Ғабжалилов.
  • Қазақстан құрылысшылар одағынан Талғат Ерғалиев.
  • «Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен Фатима Бизақова.
  • «Қазақстандық футбол жанкүйерлер лигасы» қоғамдық бірлестігінен Бақыт Жаңабаев.
  • «Мұқамас» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Нұржан Әлтаев.
  • «Халық демографиясы» ҮЕҰ ұсынған Жұматай Әлиев.