Қазақстанда сиреналар қосылады

0
144

Республикалық оқу-жаттығу штабы Шымкентте орналасқан.


Қазақстанда сиреналар қосылады

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда "Жер-2025" атты республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, деп жазады tengrinews.kz.

Іс-шара 2025 жылғы 23-24 шілде аралығында елдің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде өтеді. Олар – Алматы, Шымкент қалалары, Абай және Жетісу, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Республикалық оқу-жаттығу штабы Шымкентте орналасқан.

Аталған өңірлерде тұрғындар дабыл сиренасын естиді, сонымен қатар адамдар көп жиналатын нысандарда сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

"Оқу-жаттығу жойқын жер сілкінісінен кейін туындайтын төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. Іс-шараға республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар қатысады, олар жойқын жер сілкінісі жағдайында әрекет ету алгоритмін пысықтайды", – делінген ТЖМ хабарламасында.