Қазақстанда "Үздік педагог" республикалық конкурсы басталды

0
782

Конкурс нәтижесі Мұғалімдер күні қарсаңында шығарылады.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. "Үздік педагог" атағын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады, деп жазады zakon.kz.

Биыл "Үздік педагог" конкурсының республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берді. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

"Үздік педагог" атағының иегерлерін анықтайтын Конкурстық комиссия құрамында Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы, "Kazakhstan Parents Union" қоғамдық қорының төрайымы, Қоғамдық маңызды бастамалар қорының "Әлем мұғалімі – Қазақстанда" жобасының үйлестірушісі, "ADAL BILIM" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисінің сарапшылары, "Серпін" Ұлттық білім және инновация палатасының директоры, "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, кәсіподақ, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

"Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады", – деп хабарлады вице-министр Шолпан Каринова.

9 жыл ішінде "Үздік педагог" конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн.