Маңғыстау облысында індетке шалдыққан бірде-бір адам анықталмады. Шығыс Қазақстан облысы бір тәулік ішінде есепке алынған науқастардың саны жағынан көш бастады.
Қазақстанда өткен тәулікте 76 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 31 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 7 / 2
Алматы қаласы - 10 / 6
Шымкент қаласы - 1 / 1
Ақмола облысы - 3 / 2
Алматы облысы - 2 / 1
Атырау облысы - 5 / 5
Шығыс Қазақстан облысы - 17 / 8
Жамбыл облысы - 0 / 0
Батыс Қазақстан облысы - 6 / 0
Қарағанды облысы - 8 / 1
Қостанай облысы - 3 / 1
Павлодар облысы - 5 / 0
Солтүстік Қазақстан облысы - 5 / 0
Түркістан облысы - 4 / 4
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106301.


