Қазақстанда жеке сот орындаушылары автоматтандырылған тәртіппен аттестаттаудан өтеді

0
117

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.


Қазақстанда жеке сот орындаушылары автоматтандырылған тәртіппен аттестаттаудан өтеді

Фото: zhso.kz

ERNUR.KZ. Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп жазады zakon.kz.

Аталған құжатта жеке сот орындаушысы қызметін атқаруға үміткер тұлғаларды автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу тәртібі белгіленген.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу;
  • практикалық дағдылардың жеткілікті деңгейін тексеруге бағытталған компьютерлік тестілеу.

Әділет министрлігінің түсіндіруінше, бұл бұйрық жеке сот орындаушысы қызметіне үміткерлерді аттестаттау процесін автоматтандыру мақсатында әзірленген.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.