Спикердің мәліметінше, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
ERNUR.KZ. 2025 жылдың сегіз айындағы негізгі жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың арқасында Қазақстанда оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі және паратифті қоса алғанда, 21 инфекциялық аурудың жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.
Спикер атап өткендей, 33 инфекция бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткізілді, оның ішінде: А вирустық гепатиті — 2,5 есе, коронавирустық инфекция — 1,6 есе, лямблиоз — 32%, аскаридоз — 21%, сальмонеллез — 7%-ға. Туберкулезбен сырқаттанушылықтың 12,6% — ға, оның ішінде тыныс алу органдарының туберкулезімен — 11,5% - ға, бактерия бөлумен-4,14% - ға төмендеуі байқалады.
«Қызылша мен көкжөтел бойынша сырқаттанушылықты төмендету бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, ағымдағы жылдың 8 айында қызылшамен сырқаттанушылық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91%-ға төмендеді. Алайда, ауру бес жасқа дейінгі балалар арасында әлі де тіркеледі, олардың 75% ы екпе алмаған. Көкжөтелге келетін болсақ, оның жиілігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 есе азайды. Науқастардың 87%-ын 5 жасқа дейінгі балалар құрайды, олардың 90%-ы вакцина салдырмаған», – деді Сархат Бейсенова.
Спикердің мәліметінше, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Қызылшаға қарсы 191 мыңнан астам бала, көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге қарсы — 235 мыңнан астам бала иммундаумен қамтылды. Ағымдағы жылдың 8 айында жоспарлы иммундау шеңберінде: қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы — 1 жастағы 220 519 бала және 6 жастағы 225 734 бала егілді. Көкжөтелге қарсы екпелерді бір жасқа дейінгі 200 131 бала, 1 жастағы 216 625 бала және алты жастағы 215 163 бала алды. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайды толық тұрақтандыру үшін көзделген жастағы балаларды вакциналаумен қамту қажет. Осыған байланысты бас мемлекеттік дәрігер балалардың ата-аналарына үндеу тастады.
«Вакциналау – баланы қызылша мен көкжөтел сияқты жұқпалы аурулардан қорғаудың ең сенімді және дәлелденген әдісі. Вакциналау арқылы біз қоғамдық иммунитетті қалыптастыра аламыз және медициналық себептермен егілмейтіндерді қорғай аламыз. Біздің елде қолданылатын вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық стандарттары мен ұсыныстарына сәйкес келеді. Вакциналар қолданысқа берілмес бұрын қатаң сапа мен қауіпсіздік бақылауынан өтеді», — деді С.Бейсенова.