Қазақстандағы коронавирус: пандемия кезінде 18 дәрігер көз жұмды

0
854

"Бүгінде коронавирус жұқтырғандардың 11,5 пайызы медицина қызметкерлері.


Қазақстандағы коронавирус: пандемия кезінде 18 дәрігер көз жұмды

ERNUR.KZ. Пандемия кезінде Қазақстанда 18 медицина қызметкері көз жұмды. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, - деп жазады тengrinews.kz.

"Бүгінде коронавирус жұқтырғандардың 11,5 пайызы медицина қызметкерлері. Олардың 492-сінде пневмония бар. 511 медицина қызметкері емделіп жатыр, барлығы 18 өлім жағдайы тіркелген", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, ол өлімнің барлығы коронавирусқа байланысты емес екенін атап өтті. Олар "COVID-19 анықталған науқастарға тікелей көмек көрсеткен".