Қазақстандық 37 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

0
1 467

Павлодар облысының пробация қызметкерлері сотталған адамға өміріндегі алғашқы жеке куәлігін рәсімдеуге көмектесті.


Қазақстандық 37 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

ERNUR.KZ. Пробация қызметкерлері Тереңкөл аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі өкілдерімен бірлесіп сотталған азаматтың туу туралы куәлігін, жеке куәлігі мен азаматтығын қалпына келтіруге көмектесті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

37 жастағы Сергей Павлодар облысының Тереңкөл ауылында туып-өскен. Анасы кенеттен қайтыс болған, ал әкесі сол кезде әжесінің тәрбиесінде болған ұлының тағдырына бас қатырмаған.

Кейін белгілі болғандай, туу туралы куәлігі әлдеқашан жоғалған, сондықтан ер адам ұсақ-түйек жұмыспен ақша табуға мәжбүр болған.

2020 жылы Сергей қылмыс жасап, екі жылдан астам уақытқа бас бостандығынан шектелді. Ол өмір бойы туу туралы актілік жазбамен өмір сүрді, оған жеке куәлік алу қажеттілігі туралы бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, басқа құжаттары болмаған. Пробация қызметіне тіркелу кезінде ол құжаттарының болмауына байланысты жұмыс таба алмайтынын айтты.

Пробация қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі өкілдерімен бірлесіп, оған өзінің туу туралы куәлігі мен Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге, сондай-ақ жеке куәлік рәсімдеуге көмектесті. Сонымен қатар, сотталған азамат жұмысқа орналасу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жіберілді.

Сергей инспекторларға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.