Қазақстандық бала АҚШ президентімен тілдесті

0
630

Кадрда баланың көшеден өтіп бара жатқан Америка президентінің жанына барғанын көрсетілген.


Қазақстандық бала АҚШ президентімен тілдесті

ERNUR.KZ. Қазақстандық Әлтаир есімді бала АҚШ-тағы көшелердің бірінде ел президент Джо Байденнің алдынан шығып, онымен сөйлесті. Бұл туралы оның анасы әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Кадрда баланың көшеден өтіп бара жатқан Америка президентінің жанына барғанын көрсетілген. Джо Байден алдына келген баланың қолын алып, жымиып, сұрақ қойып та үлгерді.

"Бүгін қазақстандық бала Әлтаир мен АҚШ президенті Джо Байден арасында "келіссөздер" болды. Кездесу Президент сапарда жүрген және Әлтаирдың анасы оқитын Пенсильвания университетінің кампусында өтті", - деп жазды анасы Дина.