Қазақстандық балаларға тек ДДСҰ сертификаттаған екпелер ғана салынады

0
124

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ тиімді әрі қауіпсіз профилактикалық егулер арқылы алдын алуға болатын инфекциялар тізімін кеңейту жөніндегі стратегиясын қолдап отыр.


Қазақстандық балаларға тек ДДСҰ сертификаттаған екпелер ғана салынады

ERNUR.KZ. Соңғы 20 жылда халық денсаулығын жақсартуға, инфекциялық ауруларды азайтуға бағытталған шаралар аясында вакциналардың жаңа түрлері енгізілді. Олардың ішінде қызамық, пневмакокк, гемофильді инфекцияға қарсы екпелер бар. Күнтізбеге енгізілген соңғы вакцина – жатыр мойны обыры қоздырғышы және қатерлі ісіктердің басқа да түрлеріне себеп болып отырған адам папилломасы вирусына қарсы екпе. Бұл туралы ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Иммундық профилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

Оның айтуынша, қазақстандық иммундау күнтізбесі дамыған елдердегі тізімге сәкес келеді. Бұл екпелер аурулардың алдын алу бойынша үлкен нәтижелерге жеткізді.

«Мысалы, эпидемиялық паротитпен сырқаттану 1990 жылдағы 12192 жағдайдан қазіргі 1 жағдайға дейін төмендеді. А вирусты гепатитпен сырқаттану 80 еседен астам азайды. Өте ауыр түрде өтетін В вирусты гепатитімен сырқаттану 94 есе төмендеу байқалады. Сол сияқты қызамық та 84 есе төмендеді. Соңғы жылдары сіреспенің бір-екі жағдайы ғана тіркелді», – деді спикер.

Нұршай Әзімбаеваның мәлімдеуінше, балаларға тек ДДСҰ сертификаттаған вакциналар ғана салынады.