Қазақстандық білім беру ұйымдарында балалар арасында тамақтан улану жағдайлары айтарлықтай азайды

0
120

Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық қызмет білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын бақылауды жалғастырып жатыр.


Қазақстандық білім беру ұйымдарында балалар арасында тамақтан улану жағдайлары айтарлықтай азайды

Мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі аясында қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша білім беру нысандарына байланысты тіркелген тамақтан улану жағдайларының саны азайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері мұндай жағдайлардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8-ден 2-ге дейін, ал зардап шеккен балалар саны 118-ден 13-ке дейін төмендеген.

Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық қызмет білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын бақылауды жалғастырып жатыр.

«Осыған байланысты білім беру ұйымдарының басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға жүгінемін. Берілген барлық нұсқамалардың толық әрі уақтылы орындалуын; қаржыландыруды қажет ететін бұзушылықтарды жою үшін қаржы көздері мен нақты мерзімдерді айқындауды; ғимараттар мен инженерлік коммуникацияларды қауіпсіз пайдалануды; жылыту, сумен жабдықтау және желдету жүйелерінің жарамды болуын; ас блоктары мен медициналық пункттердің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін; қажетті рұқсат құжаттарының болуын; жаңа тамақтану стандартының талаптарын сақтауды; нысандардың санитариялық жағдайына тұрақты бақылау жүргізуді қамтамасыз ету қажет», – деді спикер.