Қазақстандық бортсерік Кувейтте жансақтау бөліміне түсті

0
156

Экипаж мүшелерінің қандай дертке шалдыққаны және қыздың қай әуе компаниясында жұмыс істейтіні әзірше белгісіз.


Қазақстандық бортсерік Кувейтте жансақтау бөліміне түсті

Pixabay.com

ERNUR.KZ. Қазақстандық дипломаттар Кувейттегі ауруханада жатқан 25 жастағы қазақстандық бортсеріктің туыстарымен және оны емдеп жатқан дәрігерлермен байланыста, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жақындарын танымай қалған

Қыздың Непалдан ұшып келгеннен кейін денсаулығы сыр бергені туралы алғаш рет Қайрат Бермаханов әлеуметтік желіде жазды.

Оның айтуынша, экипаждың басқа мүшелері де ауырып қалған. Олардың дене қызуы көтеріліп, бастары қатты ауырған. Бортсерік екі күн жансақтау бөлімінде жатып, жағдайы жақсарған. Алайда бірнеше күннен кейін денсаулығы қайтадан күрт нашарлаған.

Бермахановтың сөзінше, қыз айналасында не болып жатқанын түсінбей, тіпті жақындарын да танымай қалған. Экипаж мүшелерінің қандай дертке шалдыққаны және қыздың қай әуе компаниясында жұмыс істейтіні әзірше белгісіз.

Контекст

Бұған дейін Алматы онкологтары Үндістанда ем қабылдағаннан кейін асқыну пайда болған 57 жастағы ер адамды аман алып қалған еді.

Үндістанда оған химиотерапия жасалып, ұйқы безіне ота жасалған. Елге оралғаннан кейін 10 күн өткенде науқастың жағдайы күрт нашарлаған.

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы бір айда осындай бірнеше науқас ауруханаға түскен.