Қазақстандық екі экс-банкирге халықаралық іздеу жарияланды

0
2 462

​Банк бөлімшесінің экс-директоры мен еншілес компания басшысына халықаралық іздеу жарияланды. Іздеуде жүрген адамдарға қандай айып тағылып жатқаны әлі белгісіз.


Қазақстандық екі экс-банкирге халықаралық іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстанның қаржылық мониторинг агенттігі Tengri Bank АҚ бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында бірнеше адамды халықаралық іздеуде жүргендер санатына қосты деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Tengri Bank АҚ әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры, 1977 жылы туған Бақытов Алмас Бақытұлы мен ол бақылайтын компаниялардың бірінің басшысы, 1991 жылы туған Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужанқызына халықаралық іздеу жарияланды. Бұлтартпау шарасы – "қамауға алу" болып табылады", – делінген ведомство ақпаратында.




Бақытов пен Рахметованың қайда екендігі туралы кез-келген ақпаратқа ие адамдардан 8 (7172) 708-478 немесе 8 777 111 93 77 телефондары арқылы хабарлау сұралады.


Tengri Bank лицензиясынан айырды

2020 жылдың 18 қыркүйегінде Tengri Bank көптеген заңбұзушылықтары үшін банктік және басқа да операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан

Клиенттердің банктік шоттары мен банктің барлық операциялары тоқтатылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11 қадағалау жауабын алып, банкке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 36 хаттама толтырды.


Банктің бұрынғы менеджерлері күдікке ілінді

Өткен жылдың қараша айында қаржылық мониторинг комитетінің экономикалық тергеу қызметі бастаған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Tengri Bank АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты 5,4 миллриад теңгеден астам сомадағы банк қаражатын жымқыру ("сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету") фактісі бойынша іс қозғалды.


"2020 жылдың 9 қарашасында Алматы қаласының тергеу соты Ильясов пен Жадықов және Жылқыбаеваны екі айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы негізінде санкциялады", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.