Қазақстандықтар Джей Лоның концертіне 5 сағат бұрын келіп алған

0
133

Кейбіреулер асықпай өз орнын тауып, атмосфераны сезіну үшін бес сағат бұрын келіп алған.


Қазақстандықтар Джей Лоның концертіне 5 сағат бұрын келіп алған

Фото: Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Бүгін Астана америкалық поп-дива Дженнифер Лопестің концертіне дайындалып жатыр. Оның концерті "Астана Арена" стадионында өтеді. Әлі ерте болса да, жанкүйерлер шоу басталғанға дейін жиналып алған, деп жазады tengrinews.kz.

Тіпті кейбіреулер асықпай өз орнын тауып, атмосфераны сезіну үшін бес сағат бұрын келіп алған.

Басталуына әлі біраз уақыт барына қарамастан мұнда кептеліс байқалады, өйткені концертке елдің түкпір-түкпірінен, шетелдерден көрермен келеді.

Стадион аумағы қазірдің өзінде қоршалған, кіреберісте кезекші полиция қызметкерлері тұр. Кешке, Дженнифер Лопестің концерті кезінде мұндағы қозғалыс уақытша жабылады.

Айта кетейік, бүгін елордадағы Астана Арена стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопес Up All Night атты әлемдік туры аясында өнер көрсетеді.