Қазақстандықтар Ресейге жалған медициналық құжатпен бармақ болған

0
540

Күдіктілер жалған құжатты пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады.


Қазақстандықтар Ресейге жалған медициналық құжатпен бармақ болған

ERNUR.KZ. Павлодар тұрғындары Ресейдің Омбы қаласына жалған медициналық құжатпен бармақ болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі өңірлік департаменті идеологиялық және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы, подполковник Ернияз Игібаев айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Үрлітөбе" өткізу пунктінде медициналық ұйымдардың жалған анықтамаларымен Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге тырысқан Павлодар облысының 3 тұрғыны ұсталды. Олар паспорттық бақылауда медициналық комиссияның жалған қорытындысын ұсынды", - дейді Игібаев.

Оның айтуынша, күдіктілер жалған құжатты пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Осыған байланысты шекарашылар облыс тұрғындарын жалған медициналық анықтамаларды сататын алаяқтардан сақ болуға шақырды.