Қазақстандықтар жиі сатып алатын көліктер анықталды

0
1 873

Тұрғындар арасында сұранысқа ие көліктердің көшін Lada бастап тұр


Қазақстандықтар жиі сатып алатын көліктер анықталды

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ел тұрғындары Lada Granta, Hyundai, KIA көліктерін жиі сатып алған. Бұл туралы «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алферов мәлім етті, деп жазады Bag.kz.

Оның айтуынша, жыл басынан бері қазақстандықтар 120 млрд теңгеге 21 мыңнан астам түрлі мақсаттағы отандық көлікті сатып алған.

Осы орайда Олег Алферов тұрғындар арасында сұранысқа ие көліктердің көшін Lada бастап тұрғанын атап өтті.

«Осы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрастырылған сұранысы жоғары жеңіл автокөліктердің қатарына Lada (9 414 бірлік), Hyundai (5 494 бірлік), KIA (1 658 бірлік), JAC (978 бірлік) және Сhevrolet (715 бірлік) кірді. Елімізде сатылған машиналардың жарты бөлігі ресейлік Lada брендіне тиесілі», - деді ол.

Сондай-ақ ол сұранысы жоғары машиналардың қатарына Ravon (552 бірлік), Skoda (512 бірлік), Peugeot (132 бірлік) және Ssong Young (14 бірлік) көліктері енгенін атап өтті.

Сонымен қатар басқарма төрағасы жеңіл көліктердің сатылу рейтингісіне тоқталды.

«Қазақстандықтар жалпы 3 мыңға жуық Lada Granta көлігін, 2 330 бірлік жол талғамайтын Lada 4*4 автомобилін сатып алды. Үздік үштікті Hyundai Tucson (1 890 бірлік) қорытындылайды», - деді ол.

Олег Алферовтың айтуынша, сатылған жеңіл автокөліктердің 13%-і немесе 2728 отандық көлік жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен өз иесін тауыпты.