Қазақстандықтардың несиесі 20,3 трлн теңгеге жетті

0
343

Тұтынушылық қарыздар 13,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.


Қазақстандықтардың несиесі 20,3 трлн теңгеге жетті

Фото: baq.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан халқының несиесі 20,3 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан ақпаратта жазылған, деп жазады inbusiness.kz.

"Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы қарашада 2,6%-ға ұлғайды. Банктердің бөлшек портфелінің құрылымында тұтынушылық қарыздар 3,0%-ға 13,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды", делінген хабарламада.

Осы кезеңде бизнес субъектілеріне 1,9 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 28,8%-ға артық.

"2024 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 1,8%-ға 6,0 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте 2024 жылдың 11 айында жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,8 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға артық. Жаңа ипотекалық кредиттерді беру құрылымында нарықтық кредит берудің оң серпіні жалғасуда – жыл басынан бастап нарықтық талаптармен 617,8 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,3%-ға артық. Нәтижесінде олардың үлесі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,3%-дан 34,6%-ға дейін ұлғайды", деп хабарлады агенттік.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр.