Қазақстандықтарға газбен жабдықтау қызметтері үшін төленген 1,2 млрд теңге қайтарылады

0
734

​Тексерулерден кейін компанияның филиалдарына жалпы сомасы 79,5 млн теңге айыппұл салынды.


Қазақстандықтарға газбен жабдықтау қызметтері үшін төленген 1,2 млрд теңге қайтарылады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға газбен жабдықтау қызметтері үшін төленген 1,2 млрд теңге қайтарылады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Комитет Бас прокуратураның талабы бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының филиалдарына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде тұтынушылардан газды ағызу, пломбалау және алғашқы іске қосу қызметтері үшін ақы алынатыны анықталды.

Бұл қызметтерге ақы төлеу талабы реттелетін қызметке қатысы жоқ қосымша ретінде квалификацияланады. Тиісінше, төлем сомасын есептеу негізсіз деп танылды.

Тексерулерден кейін компанияның филиалдарына жалпы сомасы 79,5 миллион теңге айыппұл салынды. Оларға тұтынушыларға ақшаны қайтарып қана қоймай, осы қызметтер үшін ақы алу тәжірибесін тоқтатуды бұйырды.