Қазақстаннан 27 триллион теңге шетелге шығарылды - Қаржы министрлігі

0
805

27 триллион теңгенің 10 триллионы Ұлыбритания мен Ресейге кеткен.


Қазақстаннан 27 триллион теңге шетелге шығарылды - Қаржы министрлігі

ERNUR.KZ. Қазақстаннан сыртқа шығарылған капитал 27 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы Министрлігі, Комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Лесбеков мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Біз дерегіміз бойынша, бүгінгі күні 1,6 миллион хабарламадан 27 триллион теңге болаnын капиталды елден шығару көрсеткішін ұсындық. Қаражаттың ең көп сомасы, 80 пайыздан астамы Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Италия және АҚШ - қа тиесілі», - деді Лесбеков сенаторлармен кездесуде.

Оның айтуынша, 27 триллион теңгенің 10 триллионы Ұлыбритания мен Ресейге кетті. Лесбеков капиталды тексеру және шығару қалай жүріп жатқанын түсіндірді.

«Комитетте бірыңғай ақпараттық талдау базасы бар. Олар бойынша күдіктілік критерийлерін белгілеу және бұл операциялар кірістерді заңдастыруға, ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіз бар-жоғын анықтау үшін тиісті талдау жүргізіледі. Мұндай негіздер болған кезде біз болжап, ақпарат Бас прокуратура арқылы одан әрі ізіне түсу үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі», - деді ол.